Sifariş zəngi

Контекстік жарнама

Контекстік жарнама – сайтқа кірушілерді жылдам тартуға кепілдендірілген және тез тәсіл. Хабарландыруды тек жарнамаланған тауарға немесе қызмет көрсетуге қызығушылық танытқан пайдаланушылар ғана көреді, сондықтан контекстік жарнама тек қана жарнамалық хабарламалардың тақырыбына сәйкес мазмұндағы интернет-парақшаларда орналасады.

Контекстік жарнаманың ерекшеліктері

  • Контекстік жарнама іздеу нәтижесінде сайтқа кірушілер жарнамаланған тауарға немесе қызмет түріне айқын қызығушылық танытатындықтан, назар аударудың мүмкіндігін көтереді;
  • Алаңдардағы тақырыптық жарнама мақсаттық аудиторияны қамтуды ұлғайтады, бірақ бұндай жарнамалық материалдарға әдетте назар аудару сирек кездеседі.

Контекстік жарнаманың басымдылықтары.

  • тура таркетинг (хабарландыру тек мақсаттық аудиторияға қажетті аймақта, қажетті уақытта көрінеді де, икемді басқаруға мүмкіндік береді);
  • жарнамалық кампанияны тез шығару;
  • икемділік (түзетуді тез енгізу мүмкіндігі);
  • кепілдендірілген нәтиже.

Мен Google Adwords және Яндекс.Директ. жүйелерінде ай сайынғы контекстік жарнаманы сүйемелдеуді ұсынамын. Әдетте жарнама екі жүйеде қатар жасалады – бұл мақсаттық аудиторияның көп мөлшерін қамтуға мүмкіндік береді, ал бір басудың меншікті бағасы (сайтқа көшу) тек бір жүйені қолдануға қарағанда аз шығады.

Контекстік жарнаманың бағасы екі бағадан: жарнамалық бюджет немесе менің жұмысымның ақысынан құралады.

Менің жұмысымның әдеттегі бағасы – $200 құрайды. Баға әр нақты жоба бойынша еңбектену шығынының көлеміне байланысты өзгеруі мүмкін.

Жарнамалық бюджетке келетін болсақ, мен оның ең төменгі бағасын нақтыламаймын. Ереже бойынша, артынан экстрополяцияның көмегімен бір айлық бюджетке болжам жасау мақсатында бір айдың қорытынды бюджетін анықтау үшін аздаған ақша мөлшерін жұмсау қажет, алынған мәліметтерді талдау қажет.

Егер бұл қажет болса тапсырыс беру кезінде мен тегін шағын-аудит юзабилити жасаймын. Аудиттың қорытындысы бойынша мен сайттың жалпы бағасын беремін және барынша тез және қарапайым енгізетін бірнеше ұсыныстар ұсынамын.

Менің қызметімнің бағасы тұрақты және жарнамалық бюджетке байлаулы емес екенін айта кетемін, сондықтан мен негізсіз ақша шығынына ұмтылмаймын. Мен тек клиентім табыс тапқанда ғана табысқа кенелетінімді түсінемін.